Елордада көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарын енгізуді жаңғырту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта қоғамдық ұйымдар шарттар аясында өз күштері мен мүмкіндіктерін жұмылдырады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі күні көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша өткір мәселелердің бірі білікті мамандардың жетіспеушілігі және құжаттарды, сондай-ақ олардың атауларын беру бойынша кейбір кедергілер болып табылады. Үйлерді тапсыру кезінде ашық процедуралардың болмауы мәселесі өткір тұр. Меншік иелері өз аумағына сервистік қызмет көрсету персоналын кіргізе отырып, олардың біліктілігіне ғана емес, олардың қауіпсіздігіне ештеңе қауіп төндірмейтініне де сенімді болуға тиіс.

Қалаларда өзін-өзі басқаруды дамыту және Мемлекет басшысының Жолдауының тармақтарын орындау мақсатында елорданың белсенді тұрғындары проблемалық мәселелер бойынша қалалық бастамаларды дамытуды жалғастыруда. Осылайша, "Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының" президенті Виктор Микрюков, "Бурмистр" ТКШ мамандықтарының Бірыңғай орталығының басшысы Ләйла Жетпісбаева және "iQamal" жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қауымдастығының президенті Гүлвира Әбетова тұрғын үй ғимараттарын басқару және күтіп ұстау саласында ынтымақтастық пен шешімдерді әзірлеуге жәрдемдесу туралы үшжақты меморандумға қол қойды.

Заңды тұлғалар тұрғын үй қатынастары саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша сапалы талдау, дайындық және үздіксіз жұмыс сияқты бірлескен іс-шараларға бастамашылық етуді жоспарлап отыр.

Қалалық тұрғын үй орталығының базасында ҚР бойынша тәуелсіз сертификаттау орталықтары қолдануға енгізу үшін білім беру бағдарламаларын, нормативтік-құқықтық актілерді және білімді бақылауды бағалау әдістемесін әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс көзделген. Бүгінгі таңда республикада ТКШ мамандықтарына арналған 50-ден астам сертификаттау орталығы жұмыс істейді, елорда тәжірибені басқа өңірлерге де таратуға дайын.

ТКШ реформасы, бірінші кезекте, ақшалай қаражатты бақылауды меншік иелерінің қолына қайтаруға бағытталған.
Мүлік иелерінің тұрғын үйлерді басқару, күрделі жұмыс түрлерін жүргізу, оның ішінде тұрғын үй ғимараттарын жаңғырту және техникалық тексерулер бойынша сапалы қызметтер алу мүмкіндігі болуы тиіс.